Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі апталығының аясында БҚИТУ Тілдер және менеджмент факультетінде «Қаржы мамандықтарын дамыту перспективалары және қаржылық білім берудегі трендтер» апталығы өтті.

Осы апта шеңберінде 2022 жылғы 15 қарашада Ақжайық телеарнасының «Күн шуақ» бағдарламасына экономика ғылымдарының кандидаттары, Есеп және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Г.К.Қурманова мен Б.Б. Суханбердина қатысты.

Талқылау барысында теңгені Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ретінде енгізу, қалыптастыру және дамыту ерекшеліктері мәселелері көтерілді. Қатысушылар теңгенің енгізілуі елімізде толыққанды банк саласын қалыптастыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Теңге арқылы Қазақстан тәуелсіз экономикалық, ақша-кредит және эмиссиялық саясат жүргізуге мүмкіндік алды.

Теңге Қазақстан Республикасы Егемендігінің атрибуттарының бірі болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.