2022 жылдың 15 қарашасында Педагогика факультетінде “Халықаралық студенттер күні” мерекесі өтті. Бүкіл әлем студенттерін біріктіретін мереке 1939 жылы қаза тапқан студенттерді еске алуға арналған әдемі бимен ашылды. Студенттердің өмірінен күлкілі көріністер, монологтар, әндер мен билер көрермендерге олардың актерлік шеберлікті, вокалдық ерекшеліктерді және оқушылардың хореографиялық қабілеттерін ашып, залда ерекше атмосфера қалыптастырды. Жас ақын – Руфина Серікқызы Русланова студенттің “көңілді” өмірі туралы stand-up  орындап, барлық студенттерді мерекемен құттықтады, ал өз кезегінде Жаналиев Гасырхан мен Жайлыбаева Карина тамсандыра тамылжытқан билерімен кештің мәнін аша түсті. “Құқық қорғау қызметі” білім беру бағдарламасының 2,3 және 4 курс студенттері дайындаған концерттік бағдарлама шығармашылық дамумен және таланттарды өрге асыруымен сүйемелденетін студенттердің бақытты шағының куәсі болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.