2025 жылдың 11-маусымында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының күндізгі оқу бөлімінің түлектеріне дипломдар табыс ету салтанатты кеші өтті.
Биыл институт қабырғасынан 220 түлек үлкен өмірге жолдама алды. Солардың ішінде 14 түлек үздік дипломға ие болды. Салтанатты кеште университет ректоры, т.ғ.к. Б.Т. Шакешев бітіруші түлектерді құттықтап, оқу озаттарына үздік дипломдарды табыстады.
Университет қабырғасында үздік оқумен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін 17 түлектін ата-аналары Білім және менеджмент институтының директоры т.ғ.д., профессор Ә.С.Тасмагамбетовтың қолынан университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.
Кеш барысында «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.К.Ажгалиев, «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.Ж. Кусаинова, «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының меңгерушісі дене шынықтыру және спорт магистрі С.А.Бисалиев, «Қаржы және экономика» кафедра меңгерушісінің орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі Ш.Д.Салимбаева, «Тарих және құқық» кафедрасының кафедра меңгерушісінің орынбасары, тарих магистрі А.С.Сисекешова және «Педагогика және психология» кафедра меңгерушісінің орынбасары А.М.Сатыбалдиева бітіруші түлектерді құттықтап, диплом табыстады.
Түлектерге арналған диплом табыстау салтанатты кеші концерттік бағдарламамен жалғасты.