2025 жылдың 5-маусымында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының мәжіліс залында «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен ХІІІ жазғы Универсиаданың жүлдегерлерін ұлықтау салтанаты оздырылды.
XIII Жазғы универсиада Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында 8 мамыр мен 16 маусым аралығында өттіп жатыр. Универсиада бағдарламасында 17 олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері қамтылған. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 76 жоғары оқу орны жетекшілері мен студенттері қатысып жатыр.
2025 жылғы 15-18 мамыр аралығында университетіміздің қоржынына XIII Жазғы универсиаданың алғашқы қола медалін «Дзюдо» күресінен 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Қанат Әбітұлы әкелген болатын.
Кейін 24-25 мамырда «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Касикова Натали мен Власенко Милана және осы мамандықтын 3 курс студенті Алиманова Мадина жоғары нәтиже көрсетті. Студент-спортшыларымыз Каратэден (WKF) ката бойынша (әйелдер арасында) өз салмағында жүлделі II-орынға (күміс медалі) ие болды.
Жүлдегер студенттерге Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылтайшысы Т.З. Рысбековтің атынан оқуға жеңілдік пен университет атынан алғыс хаттар табысталды.
Әріптесіміз бен студенттерімізді осынау байрақты бәсекедегі жеңісімен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!