2022 жылдың 23 қарашасында Батыс Қазақстан Инновациялық-Технологиялық Университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Сапа апталығы» аясында «Түлектерді жұмыспен қамту: мүмкіндіктері мен мәселелері» атты дөңгелек үстел шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты – аударма ісі мамандығының түлектерін жұмыспен қамтамасыз етудің алдын алу және оларға қойылатын талаптарды талқылау және оқу бағдарламаларына енгізу.
Шараға Отандық және Ресейлік практик-аудармашылар, КПО б.в. компаниясының аудармашылары қатысты. Атап айтқанда, Т.И.Зяппаров, Казаноргсинтез, Ресей Федерациясы; Б.С. Баймұқанова – ЕҚҚТ және ҚО, Техникалық аудармашы, КПО б.в., Алиева Тюфек Гульшан Эйвазгызы, Кәсіби аудармашы, Қазақстан Кәсіби Аудармашылар Қауымдастығы, Астана (онлайн), Тимофеев Иван Генадьевич, Техникалық аудармашы, Урал энд Газ Ойл ЖШС, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология облыстық орталығы МКҚК-ның директоры Бекқалиев Ғ. И. ат салысты.
Шара барысында Аударма ісі мамандығының түлектеріне қойылатын талаптар, кәсіби біліктілік пен ағылшын тілінің деңгейлік мәселелері талқыланды. Шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескере отырып, нарыққа сай білім беру бағдарламаларын жасау керек екенін ұсынды. Аударма ісі мамандығының 3 және 4 курс студенттері қатысушыларға сұрақтар қойып, практикалық тәжірибелерінен пайдалы мағлұмат алды.
