2022 жылғы 9 қарашада БҚИТУ ИГФ мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы Б. Н. Аманова Орал қаласының №26 жалпы білім беретін орта мектебінде кәсіптік бағдарлау үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мектеп меңгерушісі Дәурен Ғалымжанұлы Камешев бітіру сыныптары туралы ақпарат берді. 2022-2023 оқу жылында мектепте орыс тілінде оқытатын 20 оқушы және қазақ тілінде оқытатын 8 оқушы білім алады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында түлектер Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мамандықтары туралы ақпарат орналастырылған жарнамалық буклеттер алды; оқушыларға жоғары оқу орнына түсу және оқу шарттары туралы ақпарат берілді. Балалар әскери кафедраға жастардың түсу шарттары бойынша сұрақ қойды.

Мектеп түлектері кәсіптік бағдар беру ақпаратын қызығушылықпен тыңдады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz