Академик Қ. Сәтбаевтың туған күніне және БҚИТУ университеттің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған БҚИТУ ғылымының онкүндігі аясында 2025 жылдың 8 сәуірінде «Сәулет және құрылыс» кафедрасында ғылым мен өндірістегі «Инновациялық технологиялар: сәулет, құрылыс индустриясы саласындағы, жерге орналастыру және кадастр дамудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбында ғылыми-практикалық студенттік конференция өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты бірлескен ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу, зерттеу жобаларын іске асыру тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуді жетілдіру болды.
Конференцияға қатысушы студенттер ғылыми жетекшілермен бірлесіп дайындаған өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынды. Талқылау барысында сәулет, құрылыс, жерге орналастыру және кадастрға қатысты маңызды мәселелер мен өзекті мәселелер қозғалды, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді дамыту және алынған білімді практикалық қолдану перспективалары қарастырылды.


