2025 жылдың 8 сәуірінде БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында ҚР ТЖМ БҚО ТЖД Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары Султанов Манарбек Джумагелдиевичпен «Өрт сөндіру тактикасы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәрістің мақсаты студенттерді өрт сөндіру тактикасына үйрету, сонымен қатар өрт техникасын тұрақты жауынгерлік әзірлікте ұстау және оны өрт кезінде тиімді пайдалану бойынша білімдерін дамыту болып табылады.
Дәріске 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының 1-3 курс білім алушылары қатысты. Қонақ дәрісі студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, интерактивті форматта өтті. Студенттерді өртті сөндіру процестері, қалалар мен елді мекендерде өрт сөндіруді ұйымдастыру, негізгі және арнайы өрт сөндіру машиналарын қолданатын өрт бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктері, авариялық өрт сөндіру құрылымдары, әртүрлі шаруашылық объектілерінің өрт-техникалық ерекшеліктері қызықтырды.
Мұндай кездесулер студенттерді ынталандырып, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіби қызметін ұтымды ету дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.