Тілдер және менеджмент факультетінің жоғары курс студенттері Қазақстан Республикасы облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері, полиция майоры А.М.Барасовамен кездесті. Өз сөзінде А.М.Барасова жастарға Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің оқу орындарына іріктеу жұмыстарын жүргізуге байланысты, Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментімен жүргізіліп жатқан шараларға кеңірек тоқталып, мәліметтер берді.
Кездесу барысында республикамыздың ең көне жоғары оқу орындарының бірі – Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің Қарағанды академиясы жайлы бейнефильм көрсетілді.
Мазмұнды әрі қызықты ұйымдастырылған кездесуде А.М.Барасова қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.


