26  қазан 2017 ж. Тілдер және менеджмент факультетінің студенттері арасында футзалдан жарыс өткізілді. Жарысқа  барлығы алты команда қатысты.  Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды «Экономика» мамандығы алды, 2 – орынды «Есеп және аудит» мамандығының «Бухгалтерлер» командасы алды, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының «ГМУ-211» командасы жүлделі 1 –орныды жеңіп алып, жыл чемпиондары атанды.

Тартысты да әдемі ойын көрсеткен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенті Жанкісі Ыбырай «Үздік ойыншы», «Есеп және аудит» мамандығының студенті Сатымов Тимур «Үздік қорғаушы» және «Есеп және аудит» мамандығының студенті Кенжеев Данияр «Үздік шабуылшы» атанды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz