Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінде «Алаштану» үйірмесінің жетекшісі, т.ғ.к., доцент Б.С. Боранбаеваның ұйымдастыруымен, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» қаулысына орай, тіл ғылымы саласының мамандары ф.ғ.д., профессор М.Б.Сабыр және ф.ғ.к., доцент А.А.Абдульмановпен «Тарих» мамандығының 1-4 курс студенттерінің кездесуі болды. Сонымен қатар, кездесуге «Тарих және ӘГП» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы да қатысты.
Кездесуде ғалымдар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы латын әліпбиіне көшу туралы бастамаға қозғау салғандығын айтты. Әліпби ауыстыру жай ғана таңба ауыстыру емес, бұл түптеп келгенде сананы өзгертуге талпыныс. Бұл жаңаша өмір сүруге, ұлттық болмысқа әсер ететін маңызды қадам. Ұлттық жазуымызды өз еркімізге сай, бүгінгі графикалық қажеттіліктерді ескере отырып, өзге елдерге үлгі боларлықтай жасақтап алу мүмкіндігі туып тұр. Латын әліпбиіне көшу – түркі халықтарын біріктіріп, ортақ ғылыми әрі ақпараттық кеңістікке бастайды деген тұжырымды ойларымен бөлісіп, оқытушылар қауымы мен студенттердің қойған сауалдарына жауап берді.
