2023 жылдың 19 желтоқсанда мұнай-газ инженериясы кафедрасының эдвайзерлері: Г. Е. Калешева, Д.Д.Серікова, Т.Н.Утеева білім беру бағдарламасы бойынша жетекшілік ететін топтармен бірге: 6В07201 – Мұнай-газ ісі мамандығының қалалық Табиғат және Экология мұражайына барды.

Қазіргі Табиғат және Экология мұражайы тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болып табылады және осы мұражайлардағы көптеген экспонаттары Орал казак армиясының әскери мұражайынан қалған. Табиғат және Экология мұражайы 1990 жылы пайда болды, Н. Ф. Савичев атындағы саябақта орналасқан. Мұражайда 10 500-ден астам экспонат бар.

Мұражайда үш зал бар. Бірінші залда өлкенің зерттеуші ғалымдарының жетістіктері, өлкенің ежелгі жануарларының сүйектері мен минералдар көрсетілген. Мұражайдың ең қызықты экспонаттары – жойылып кеткен жануарлардың сүйектері, тіс, омыртқа, мамонт азу тістері. Екінші залда Солтүстік Каспий маңы аумағында 30-40 мыңнан түрі бар жәндіктер, жануарлар: суыр, шақал, дала бүркіті, ақбөкен бейнеленген “Дала” диорамасы қойылған. Үшінші залда “Орман” диорамасы бар. Біздің ормандарымыздың ең ірі жануарлары бұлан, елік, борсық, сілеусін, түлкі. Мұражай экспозициясында белуга, бекіре, стерлет, севрюга, сазан, шортан, көксерке балық түрлері ұсынылған. Экспозиция Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы ұсынылған бөліммен аяқталады.

Іс-шара студенттеріміздің өз өлкесінің, табиғатын жақсы көруі және біздің байлығымыздың сұлулығына тәнті болуы үшін танымдық сипатта болды.

Мұражай студенттердің жеке басын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады, оның назарын табиғатты қорғау мәселелеріне аударуға көмектеседі, табиғаттың сұлулығы мен үйлесімділігін сезінуге, оның шығармашылық пен шабыт көзі ретіндегі рөлін ашуға көмектеседі.

Мұражай қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.