2022 жылдың 28 ақпанында БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері Батыс-Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің экологиялық-аналитикалық бақылау зертханасының жұмысымен танысты.

Экскурсияның мақсаты-білім алушыларға заманауи зертханалар туралы жалпы түсінік беру, оларды ұйымның құрылымымен, ондағы жұмыс шарттары мен ерекшеліктерімен таныстыру. Өндіріске экскурсиялар болашақ мамандықтың мәнін түсінуге көмектеседі және де оған деген қызығушылығын арттырады.

Іс-шараны ұйымдастырыушылар Экология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к. Л.И. Байтлесова, а.ш.ғ.к. В.Н. Хон және аға оқытушы, магистр Ж.А. Мурзабекова. Экология департаментінің талдау зертханасының меңгерушісі Н.Т. Исмаилова қауіпсіздік техникасымен таныстырып, атмосфералық ауаға, топыраққа және су көздеріне шығарындыларды өлшеу құралдарын көрсетті. Сондай-ақ, зертхана мамандары топырақ, су талдауын іріктеу әдістерін көрсетті. Зертхана қызметкерлері студенттерге осы саладағы қызмет жауапты және сапалы білімге теориялық ілімді практикалық жұмыстармен толықтырған кезде ғана қол жеткізуге болатындығын түсіндірді. Өндірістегі жұмысты көріп, болашақ мамандар оқыған мамандығына деген құрметі артты. Экскурсия соңында білім алушылар танымдық іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz