2024 жылдың 20-қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Масимова Венера Нурахметқызы «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебі жобасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Кездесу барысында қатысушыларға мектепке қабылданудың бірнеше сатылары, өтінім беру жолдары, сабақтың өту тәртібі, қорытынды тестілеу мен арнайы жобаға қатысу және қорғау, сертификат алу жолдары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметке кіру үшін қажетті құзіретті арттыру бағыттары бойынша ақпарат берілді.
Кездесу соңында қатысушылар спикерге сауалдар қойып, өзара пікір алмасты.