Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде осы мекеменің «Домбыра – ұлттық рух» бөлімінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы қазақтың ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалаушылардың бірі, дарынды өнер иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Оқап Қабиғожиннің дүниеге келгеніне 120 жыл толуына арналған «Арқалы күйші» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға қатысқан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының білім алушылары аталмыш шараның қонағы, Орал қаласының құрметті азаматы, күйші және домбыра жасаушы шебер Едіге Нәбиевтің қазақ күйлерінің тарихы туралы деректерін қызығушылықпен қабылдап, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz