2024 жылғы қыркүйек айының 9-21 аралығында Білім және менеджмент институтының «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасында «Шет тілдері: екі шет тілі», «Аударма ісі», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі және әдебиеті» ББ I-IV курс студенттері арасында эдвайзерлердің басшылығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кураторлық сағаттар өткізілді. Іс-шара барысында студенттер Президент жолдауын талқылап, Мемлекет басшысы қойған биік мақсаттарды орындауға деген мақсаттары мен міндеттерін ортаға салды. Мемлекетіміз бен азаматтарымызға қатысты көптеген маңызды да өзекті тақырыптар қозғалды. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құруда еліміздің әрбір азаматы жауапты екенін атап өтті. Осыған орай Президент Жолдауын талқылауға қатысқан студенттер мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға студент жастарды белсенді тартудың маңыздылығын атап өтіп, қоғам өміріне белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Жалпы, студенттер Президент Жолдауымен мұқият және егжей-тегжейлі танысып, Қазақстанның өркендеуі мен дамуы үшін маңызды алға қойылған міндеттердің тиімді жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz