2022 жылдың 11 наурыз күні «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» атты факультет аралық дебат ойыны өткізілді.

Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан да дебат ойындарын жаңғырту, дамыту ісіне көп көңіл бөлінуде.

Министр А.Аймағамбетов: «Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Жастар осылай бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады», – деп атап көрсеткен болатын.

Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, студенттік жастар арасында көшбасшылық қасиеттер мен патриоттық сезімді дамыту.

Дебаттың ашылу рәсімінде университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев А.И. сөз сөйлеп, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі.

Ойынға факультеттерден 3 команда қатыстырылды.

Инженерлік -гуманитарлық факультет «Әділет» фракциясы, Тілдер және менеджмент факультеті «Ақиқат» фракциясы, Педагогикалық факультетінен «Алаш» фракциясы.

Бірінші іс-шара «Kahoot» зияткерлік ойын форматында өтті, студенттерге заңнамалық базаға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты тап болған жағдайда ресми қызметтер мен телефондарды білуге қатысты түрлі тақырыптар бойынша сұрақтар берілді. Қатысушылар қызғаннан кейін американдық парламенттік форматта дебат ойналды. Студенттер ойын жүргізу техникасы мен білімін, қорытындыларының дәлелділігін көрсетті.

Қазылар алқасы жарысушыларға ережелерде қарастырылмаған, бірақ тақырыпты тереңірек ашуға және командаларды объективті бағалауға мүмкіндік беретін қосымша сұрақтар қойды.

Командалар қызықты дәлелдер келтіріп, жақсы дайындықтарын, тақырыпты білетіндерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша орындар келесідей бөлінді.

1 орын – «Алаш» фракциясы Педагогикалық факультеті.

2 орын –«Ақиқат» фракциясы Тілдер және менеджмен факультеті.

3 орын – «Әділет» фракциясы инженерлік -гуманитарлық факультеті.

Турнирдің “Үздік спикері” анықталды. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша ең «Үздік спикері» 1 курс студенті Галлямова Гульназ иеленді.

Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Осындай іс-шараларды өткізу жастарды еліміздің болашағы үшін біріктіруде маңызды рөл атқарады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz