Экология және биотехнология кафедрасында 6В11201 – Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, 6В09103 – Ветеринария, 6В09101 – Ветеринарлық медицина, 7М09101/7М09102 – Ветеринарлық медицина, 6В07501 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) бойынша барлық курстардың білім алушыларымен кездесу өтті.
Кездесу модераторлары: Экология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі., химия ғылымдарының кандидаты Байтлесова Лаура Ильясовна; аға оқытушы, магистр Төлеуова Раушангул Нұрланқызы.
Кездесуге студенттер мен магистранттар, эдвайзерлер, кафедраның аға оқытушылары Мурзабекова Ж. А., Тажбаева Д. Т., Курмашева Г. Р. белсенді қатысты.
Кафедра меңгерушісі Байтлесова Л. И. 2021-2022 оқу жылына арналған Академиялық күнтізбе шеңберінде ЖОО-да оқу процесін ұйымдастыру бойынша, оқу сабақтарына тұрақты қатысуын, үй тапсырмаларын орындаудың маңыздылығы туралы толық түсініктеме берді. Сондай-ақ, ағымдағы оқу жылының жазғы емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу бойынша толық ақпарат берілді.
Студенттероқу, өндірістік, диплом алды практикадан өту мерзімдерімен және шарттарымен танысты. Сондай-ақ, экология және биотехнология кафедрасы білім беру бағдарламалары мен кафедра қызметіне қатысты ақпаратты университет сайтында үнемі жаңартып отыратындығы туралы ақпаратты wkitu.kz және инженерлік-гуманитарлық факультетінің электрондық деректер базасында (ЭМБ) жүргізеді. Білім алушыларға “Platonus” автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша, университет сайтында студенттердің сауалнамасы бойынша түсініктемелер берілді.
Кездесу барысында білімалушылар оқу ақысын төлеу, жазғы емтихан сессиясының кестесіне қатысты және басқада көптеген қойылды. Барлық сұрақтарға білім алушылар нақты, жан-жақты ақпарат алды.