Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 2022 жыл 11 наурыз күні білім беру бағдарламаларының жетекшілері, академиялық комитеттердің мүшелері, КӘК басшылары, профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен «Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің заманауи технологиялары» атты семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты – оқытудың нәтижелеріне негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу құзыреттерін дамыту және оқу үдерісіне зерттеу компонентін енгізу.

Академиялық қызмет департаментінің жектекшісі Машанова С.А. «Структура, принципы и этапы разработки образовательных программ» баяндамасы тындалды. Оқу жоспарлау бөлімінің жетекшісі Айтмуканова Г. М. «Білім беру бағдарламаларында оқу нәтижелерін қалыптастыру» атты баяндамасында оқыту нәтижелерін қалыптастыру тетіктеріне кеңінен тоқталды.

Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар топпен жұмыс жасай отырып, оқыту нәтижелерін сипаттау және бағалау, білім беру бағдарламаларын құрастыру бойынша кейстерді шешіп, өз жұмыстарын ұсынды. Семинар соңында қорытынды жасалып, ұсыныстар берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz