Ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің әкімшілігі, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер Президент Қacым-Жoмaрт Тoқaевтың халыққа Жолдауын тікелей көрсетілімнен көріп, талқылау үшін жиналыс өтті.

         Мақсаты – жолдауды насихаттап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстыру, қазіргі күрделі жағдайда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, денсаулық сақтау бағытындағы жаңалықтар мен білім беру саласындағы күтілетін өзгерістерді жас ұрпаққа ұғындыру.

Бұл жиында университет ректоры, т.ғ.к., профессор Б.Т.Шакешев өз сөзінде жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырып, нақты тапсырмаларды атап өтті. Қазіргі қоғам – білімділердің қоғамы. Қай заманда да жастардың оқып, білім алу ісі шетке ысырып қоя салатын мәселе болмаған. Осы орайда білім беру саласына баса көңіл бөлініп, атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантады.
         Жаңа Қазақстанды құру ісінде педагогтардың рөлі айрықша екені сөзсіз. «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты» деп Білім күні қарсанында мемлекет басшысы өз жолдауында айтқан қанатты сөздердің бірі болды. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер қажет. Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Осыған орай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда университет педагогтарына үлкен сенім артып отыр.

          Оқытушылар Президент Жолдауындағы негізгі қағидалар туралы ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында университет ұжымы айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатынын ескеріп, мемлекет басшысының Жолдауына бірауыздан қолдау білдірді. Президентіміздің игі бастамалары мен идеяларын қолдайтындықтарын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz