Патриоттық сезімді, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында «Стандарттау және сертификаттау», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражайға экскурсия өткізілді. Үй мүражайы – 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік еңбегі үшін қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алған аңызға айналған, батыл пулеметші, батыр қызымызды еске алу орталығы.

Білім алушылар Мәншүк Мәметова туралы туған кезінен бастап қазақ даласын, Отанын фашизмнен қорғай отырып, қаза тапқанға дейін танымдық ақпарат алды. Мұражай экспозициялары соғыс тарихы, Кеңес-Германия майданындағы қимылдары туралы баяндады, сондай-ақ мұражай экспозициясында өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы үйлердің тұрмысы мен интерьері көрсетілген. Мұражай қызметкерлері жүз жыл бұрын адамдардың қалай өмір сүргенін түсінуге мүмкіндік беретін атмосфера құрды.

Мәншүк сияқты аңызға айналған адамдар қазіргі жастар рухани – адамгершілік құндылықтарды сақтауды үйренеді. Біз мұражай қызметкерлеріне, олардың халық алдындағы үлестері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз және оларға РАХМЕТ айтамыз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz