2025 жылғы 19 ақпанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен БҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ынтымақтастығы туралы жасалған меморандум шеңберінде БҚИТУ Салалық технологиялар институтының “Құқық” кафедрасының 6В04202 “Құқықтану” білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс білім алушыларына БҚО ҚАЖД №74 мекемесінде практикалық қызметкерлері «Жазасын өтеп жатырған адамдардың құқықтық жағдайы» және ” Жазаны және бақылауды орындайтын мекемелер мен органдар” тақырыбында практикаға-бағдарланған сабақ өткізді:
Бұл пән 2-ші семестрде арнайы пәнді оқитын білім алушылар үшін “ҚР Қылмыстық-атқару құқығы” теориялық курсын тәжірибеде толықтыру мақсатында өткізілді.
Сабақ барысын мекеменің орынбасары әділет подполковнигі Л.К.Ахметқалиева, мекеменің ардагерлері ұйымының орынбасары, запастағы әділет капитаны К.С.Аширепов, кадр жұмысының инспекторы әділет аға лейтенанты Е.Д.Азизов жүргізді.
Мекеме 1858 жылы Орал қаласында салынған және ҚР архитектуралық ескерткіші болып табылады, осы мекеменің мұражайлық тарихы туралы айтып берді. Бірегей жоба бойынша итальяндық құрылысшылар сапалы салған ғимарат әлі күнге дейін жұмыс істейді және тарихында тұтқындалғандардың қашуы орын алған жоқ. Осы бөлімшеде қызмет еткен қызметкерлердің әр түрлі буындарының марапаттары, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы да айтылды, бұл ұрпақтар сабақтастығы және ұжымда жақсы дәстүрлерді сақтау барысы туралы айтты.
Мұражай экспонаттары – осы объектінің құрылысы туралы тарихи құжаттар, техникалық құралдар, қызметтік киім нысаны, қызметкерлердің түрлі жетістіктері көрсетілді. Мекеме қызметкерлерінің алдында тұрған қызметтік міндеттер туралы айтылды.
Болашақ заңгерлер тергеу-қамауға алынғандардың құқықтары мен міндеттерімен, осы мекемеде ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, ұстау режимі мен шарттарымен және тәртібімен танысты. Студенттер қамтылған контингент үшін бекітілген күн тәртібін және осы күнге арналған -тамақтану мәзірін көрді. Білім алушылардан көптеген сұрақтар қойылды, оларға мекеме қызметкерлері толық жауаптар берді, соңғылары студенттерге оқуларында жақсы табыстарға жетуді тіледі.
Осы іс-шараға жауапты құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ. к. Т. Х. Рахметов БҚО ҚАЖД басшылығына және №74 мекеменің қатысқан қызметкерлеріне барлық ПОҚ мен білім алушылар атынан қызықты сабақ өткізуге жәрдемдескені үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық пен қызметте табыс тіледі.

