Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына ЮР-41 және ЮР-45 топтарының студенттері мен ата-аналары атынан алғыс хат табысталды.
Алғыс хатта оқытушылардың болашақ заңгерлерді даярлаудағы кәсіби еңбегі, білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі, студенттердің азаматтық ұстанымы мен кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтілген. Сондай-ақ білім алушылардың тұлғалық дамуына, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған тәлімгерлік қызметіне жоғары баға берілген.
Бұл игі бастама кафедра мен білім алушылар арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген академиялық ортаның қалыптасқанын көрсетеді және университеттің сапалы білім беру бағытындағы қызметінің нәтижелілігін айқындайды.