Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтында «Start UP Жастар» стартап-бизнес жобаларының дәстүрлі байқауы өтті, онда білім алушыларға өз бизнес идеяларымен бөлісуге және оларды болашақта шындыққа айналдыруға мүмкіндік берілді.
Конкурстың мақсаты-білім алушылардың бизнес саласындағы шығармашылық әлеуетін ашу, сондай-ақ студент жастардың әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын қолдау.
Конкурстың міндеттері:
– жастар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттау;
– білім алушыларды өз бизнесін құруға және дамытуға ынталандыру;
– білім алушылардың шығармашылық әлеуетін анықтау.
Байқау екі кезеңде өтті, бірінші кезеңде 13 команда, екінші кезеңде 6 команда қатысты. Студенттік стартап-жобалардың екінші байқау кезеңінде келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:
🥇1 орын- «Energy» командасы;
🥇2 орын- «Құрылысшылар» командасы;
🥇3 орын- «Энерго» командасы.
«Үздік инновациялық жоба» номинациясында «Эрудит» командасы жеңіске жетті.
«Жобаны сауатты таныстыру үздіктері» номинациясын «Happy friends» командасы жеңіп алды.
ENACTUS IOT-WKITU командасына «Үздік дизайнды презентация» номинациясы берілді.
Барлық қатысушылар сертификаттармен, алғыс хаттармен, ал жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды!