Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Спорт нашақорлыққа қарсы» акция шеңберінде «Баскетбол» спорт түрінен институт студенттері арасында сайыс және Ұлттық студенттер лигасына іріктеу турнирінің ашылуы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер арасында достық қарым-қатынасты дамыту, спорттық шеберлікті арттыру, сондай-ақ қабілетті студенттерді «Студенттік лигаға» іріктеу болды.

Турнирге Білім және менеджмент институты мен Салалық технологиялар институтының құрама командалары қатысты. Әр команда жоғары дайындық, шеберлік және ұйымшылдық танытып, тартысты ойындар өрбіді.

Жарыс нәтижесі төмендегідей болды:

  • 1 орын – Дене шынықтыру және спорт мамандығының ФКС-411 командасы
  • 2 орын – Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер мамандығының ВТиИС-110 командасы
  • 3 орын – Дене шынықтыру және спорт мамандығының ФКС-211 командасы

Жарыстың үздік ойыншылары да анықталды:

  • Үздік ойыншы – Сұлтан Шынғысбек (ВТиИС-110 командасы)
  • Үздік шабуылшы – Алпамысов Сержан (ФКС-411 командасы)
  • Үздік қорғаушы – Өтепқалиев Дарын (ФКС-211 командасы)

Турнир қатысушылары командалық және жекелей номинациялар бойынша мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Бұл жарыс студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ұйымшылдығын, ептілігін және күш-жігерін танытуға мүмкіндік берді. Университет студенттері өздерінің спорттық қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, оқу орнының намысын абыроймен қорғады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz