Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттердің білім беру мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Биылғы академиялық кезеңде 6B03101 «Психология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Аманжолова Алуа офлайн форматта Ресей Федерациясындағы М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алуда. Атқарылып жатқан мобильділік екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық шарты негізінде жүзеге асып, білім және тәжірибе алмасуға, халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Университетіміз мобильділік бағдарламасына қатысушы студенттерді әр кезеңде қолдап, академиялық, ұйымдастырушылық және кеңес беру түріндегі жүйелі сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Шетелдік білім беру ортасында оқу студенттің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, ғылыми әлеуетін арттырып, болашақ маман ретінде бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

