29.11.2024 ж. құқық кафедрасының аға оқытушысы з.ғ.м. Г.Ә.Нұртаза ЮР-35О тобының білім алушыларымен ойын түріндегі сот процесі форматында ашық сабақ өткізді.

Ойын түріндегі көрнекі сот процесі нысанындағы ашық сабаққа дайындық кезінде студенттерге ойындағы негізгі қатысушылар рөлі ұсынылды. Студенттер өз рөлдерін таңдады (судья, хатшы, адвокат, прокурор, сотталушылар, жәбірленуші және куәлер). Ойында қарастырылатын ойын жағдайын студенттер сабақта алдын-ала жоспарланып, олардың үй тапсырмасы ойын түріндегі көрнекі сот процесіне дайындық болды. Студенттердің ашық сабақтағы негізгі қызметі – ойын түріндегі сот процесінің ережелерін және ондағы өз міндеттерін нақты сақтау болып табылады.

Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі Ж.К.Тулеугалиева және құқық кафедрасының аға оқытушылары А.Ж.Сарсенова, Г.К.Куатбек және экология кафедрасының аға оқытушысы И.К.Жумагалиев, сондай-ақ құқық кафедрасының білім алушылары қатысты.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz