7 қараша 2024 жылы Мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі А.К.Кадиралиевтың НД-31О тобында «Қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру әдістері» пәнінен «Қабатты гидравликалық жару (ҚГЖ) әдісінің негізгі түсінігі. ҚГЖ-дың техникасы мен технологиясы » тақырыбындағы ашық сабағы өтті. Ашық практикалық сабақтың негізгі мақсаты — студенттерге ҚГЖ әдісінің негізгі принциптерін, қолдану аясын және техникалық аспектілерін түсіндіру. Сондай-ақ, технологияның экологиялық әсерлері мен оны қауіпсіз қолдану шараларын талқылау болып табылады. Ашық практикалық сабақта оқытудың әр түрлі технологиялары қолданылды, мәселен, деңгейлеп оқыту, интерактивті әдіс-тәсілдер, quizizz, learningapps платформалары, сондай-ақ топтық және жеке тапсырмалар, дидактикалық материалдар қолданылды.
Сабақтағы оқытушының көңіл күйі көтеріңкі, топтың сабаққа қызушылығы жоғары болды, студенттер тақырыпты жақсы меңгерді, сабаққа белсенді қатынасып, өз білімдерін көрсетті.
Сабаққа қатынасқан ПОҚ талдау барысында А.К.Кадиралиевтың сабағы ұнағанын, өздеріне жаңа ақпарат, әдіс-тәсілдер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.