2022 жылдың 15.03-05.04 аралығында БҚИТУ «Педагогика», «Тілдер және менеджмент» факультеті кітапханасында биылғы оқу жылы кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге білім беру бағыты бойынша 1610 оқулық пен оқу-әдістемелік құрал және 420 электрондық оқулық қойылды.

Көрмемен танысуға университет студенттері мен профессор оқытушылар құрамы қатысты. Оқырмандарды жаңа кітаптармен кітапхана меңгерушісі И.С. Дленова, кітапханашы К.Е.Сарсекеева таныстырды. Оқытушылар мен білім алушылар көрмеде жаңа кітаптармен жақын танысып, қажетті ақпараттар алды.

Кітапхана қорына жаңадан түскен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар білім алушылар мен оқытушылардың сұранысын қанағаттандырып, Жаңа Қазақстан қоғамының қазынасына айналары анық.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz