Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы Орталық Азия психоанализ институтының директоры, психоаналитик Құдиярова Анна Мергенбайқызы және психиатр, жоғары санатты психотерапевт, клиникалық психолог Асимова Тамара Абубакирқызымен кездесу кеші өтті. Кездесу барысында ғалымдар Қазақстандағы психология ғылымының даму бағыттары, психоанализді тиімді қолдану, қазіргі заманғы психологиялық сауаттылықтың маңыздылығы және «Үнсіз педофилия» кітабымен таныстырды, екінші күні ұжым арасындағы «Дау-дамайды басқару-денсаулықты жақсарту» тақырыбында тренинг жүргізгізілді. Шара өте жоғары деңгейде өтті. Психолог мамандары арасында супервизия ұйымдастырылды. Педагогика және психология кафедрасы мен өзара бірлестікте практик-психолог Тасеменова Ботагоз Бисенғалиқызы байланысып жұмыс жасады.

