2025 жылғы 5-ақпанда Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары Ф.Н. Макашева мен А.Н. Уразова Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім беру бөлімі № 1 жалпы білім беретін мектебінің 11 «А» және 11 «Ә» сынып оқушылары арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Кәсіби бағдарлау жұмысы барысында оқушылар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің білім беру бағдарламаларымен, оқуға түсу және оқу шарттарымен, кәсіптік практика және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен, ПОҚ құрамы және университеттің техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ, оқушылар арасында жоғары оқу орындарына түсу жоспарлары бойынша сауалнама жүргізілді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz