2024 жылғы 21 қарашада мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы Г.Е. Калешева «Шельфтік кен орындарын игеру» пәні бойынша НД-42О тобының студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – іс-тәжірибе негізінде кейс-стадиді әзірлеу және ұсыну болды, бұл студенттерге мұнай-газ саласында практикалық тапсырмаларды шешуде өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге жақсы мүмкіндік берді. Сабақ белсенді талқылау, сараптама және шығармашылық жұмыс форматында өтті, бұл қатысушыларға мұнай-газ саласының нақты жағдайларына енуге және кешенді көзқарас пен сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Топтық жұмыс студенттерді өзара әрекет етуге және идеялармен бөлісуге ынталандырып, командалық дағдыларын және кәсіби білімдеріне деген сенімділіктерін арттырды. Мұндай сабақтар студенттерге қазіргі мұнай-газ индустриясының талаптарына бейімделуге және өз саласында сұранысқа ие маман болуға көмектесетін маңызды тәжірибе береді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz