2024 жылғы 28 қарашада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, “Сәулет және құрылыс” кафедрасында “AutoCAD инновациялық технологиялары” тақырыбында дөнгелек үстел өтті. Жобалауда және геодезияда қолданады .

Іс-шараның мақсаты – геодезияда заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың жаңа бағыты, геоинформатика саласы кеңейіп, AutoCAD бағдарламасын қолдана отырып, геодезиялық мәселелерді шешу.

Іс-шараға “Уралводпроект” ЖШС маманы инженер-топограф геодезист Мансурова Альбина Владимировна қатысты. Баяндаманын тақырыбы: “Топографиялық түсірілімде AutoCAD-ты қолдану әдістері”. Дөңгелек үстел барысында оқытушылар мен студенттер қызығушылық танытқан сұрақтарды белсенді түрде қойып, оған маман толық жауап берді. Дөңгелек үстелдің мақсаттарына қол жеткізілді және жоғары деңгейде өткізілді.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылары: “Жер өлшеуші” ғылыми үйірмесінің жетекшісі “Сәулет және құрылыс” кафедрасының аға оқытушысы, т. ғ. м. Л.Т. Қойбағарова, т. ғ. м. Г.Ш.Избасова

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz