Мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі М.Қ.Киікбаевтың НД-31О тобында «Газ-мұнай құбырлары» пәнінен «Газды тасымалдауға дайындау. Газ тарату станциясы» тақырыбындағы ашық сабағы өтті.

Ашық практикалық сабақтың құрылымы дұрыс жасақталған, мақсаты – білім алушыларға газды тасымалдауға дайындау және газ тарату станцияларының жұмысын ұйымдастырудың негіздерін түсіндіру, осы саладағы практикалық дағдыларды қалыптастыру. Ашық сабақ барысында оқытушы М.Қ. Киікбаев білім алушылардың назарын тақырыптың өзектілігіне аударып, сабақты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қызықты әрі тиімді түрде ұйымдастырды. Мәселен, сөз жұмбақ, «қолтырауын» әдісі, интерактивті әдіс-тәсілдер, практикалық есептер, сондай-ақ топтық және жеке тапсырмалар, дидактикалық материалдар қолданылды.

Бұл сабақтың ерекше тартымдылығы – оның теорияны практикамен үйлестіре отырып, білім алушылардың болашақ кәсіби қызметіне қажетті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталуы. Сабақ соңында білім алушылар өз ойларын ортаға салып, тақырыпты меңгеру деңгейлеріне баға берді.

Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар мен кафедра мүшелері М.Қ. Киікбаевтың кәсіби шеберлігін, сабақтағы инновациялық тәсілдерді жоғары бағалап, білім алушылардың белсенділігі мен қызығушылығын атап өтті.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz