2024 жылдың 5 желтоқсан күні ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Орнықты дамуға жәрдемдесу орталығы» қоғамдық қорының қалдықтар жөніндегі маманы Завьялова Ирина Николаевна БҚИТУ, СТИ, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының білім алушылары мен ПОҚ үшін қонақ дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты университет аумағында қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің жұмысқа қабілеттілігіне көшпелі мониторингті ұйымдастыру және жүргізу.

Мониторинг нәтижесі БҚИТУ-дағы қалдықтарды бөлек жинаудың жұмыс істеп тұрған жүйесінің ағымдағы жай-күйін бағалау болды. Алынған нәтижелер оны жетілдіру және дамыту бойынша одан әрі ұсынымдар үшін негіз болады.

Өзінің іс-сапары аясында Ирина Николаевна студенттердің экологиялық хабардарлығын арттыруға бағытталған «Біз таза Орал үшін» конкурсының қорытындысын шығару жөніндегі іс-шараға қатысты. Университеттің бірінші курс студенттері қатысқан байқау жастарды экологиялық бастамаларға тартудың жарқын мысалы болды. Ирина Николаевна жүлделі орын алған жеңімпаздарға естелік сыйлықтарын табыс етті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz