2024 жылдың 12 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы Ұлытау білім қорымен бірлескен “Университеттердің Қазақстан мектептеріне қосқан үлесі” атты кезекті шарасын өткізді. Шараның мақсаты – Ұлытау облысының пән мұғалімдеріне оқыту-әдістемелік және ғылыми-зерттеуден қолдау көрсету.
Бұл шараға университетіміздің Білім және менеджмент институтының Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры,ф.ғ.к., Матжанова Гульвира Жусуповна және 7М01702 Шет тілі:екі шет тілі білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары – Суюнгалиева Акуштап пен Рахимжанова Мулдир қатысты. Магистранттар мектептегі өзекті тақырыптар, жаратылыстану – математика пәндері мен ағылшын тілін кіріктіріп оқыту әдістемесі (CLIL), оқытудағы пәндердің интеграциясы (STEM/STEAM) бойынша баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қауымдастырылған профессор Матжанова Гульвира Жусуповна мектеп мұғалімдеріне ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда халықаралық стандарт (APA style) туралы ақпарат берді. Ұйымдастыру комитеті университет ұстазы мен магистранттардың білімін жоғары бағалап, болашақта осындай бірлескен шаралар жалғасын табатынын айтты.

