2024 жылдың 29 ақпанда энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының аға оқытушылары В.П. Захаров, Н.Г. Буранова, Н.Б. Ербаева, Е.Н. Әбілғазиев 6В07102 – «Электр энергетикасы», 6В07105 – «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс білім алушылары үшін «Северная 110/10 кВ» қосалқы станцияға таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды.
«Батыс Қазақстан ТЭК» ЖШС аймақтық электр желілері станциясы мен қосалқы станциясы қызметінің бастығы Виктор Евгеньевич Чесноковтың тапсырмасы бойынша білім алушыларды «Северная 110/10 кВ» ҚС кезекші электрик қарсы алып, қосалқы станциямен таныстырды.
Экскурсия барысында білім алушыларға электр жабдықтары көрсетіліп, олардың жұмыс принциптері туралы айтылды. Маман өз тәжірибесімен бөлісіп, қауіпсіздік техникасын сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Ол сондай-ақ автоматтандыру және басқару мамандығының маңыздылығын атап өтті, бұл мамандар кез-келген электрмен жабдықтау жүйесінде маңызды рөл атқарады, өйткені олар релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларына қызмет етеді және қауіпсіз жұмыс үшін жауап беретінін айтты.
Соңында кезекші электрик білім алушыларға жақсы білім алуға кеңес берді, сондай-ақ екі мамандық өте сұранысқа ие екенін және еңбек нарығында әрқашан қажет болатынын атап өтті.
Білім алушыларға мамандық бойынша экскурсия ұнады, олар маманға сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Экскурсия білім алушылар үшін де, оқытушылар үшін де танымды және қызықты болды.


