Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы мен «ТЕО» БҚО ағылшын тілі мұғалімдерінің қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан білім басқармасы мен Орал қаласының білім басқармасының қолдауымен “Enhancing English Language Education Through Multi-Topic Lesson Study: A Cross-School Investigation with Diverse Teachers and Students” мектеп аралық зерттеу жұмысы 2024 жылдың 29 қаңтар – 29 ақпан аралығында өткізілді.

Жобаның мақсаты – сабақ барысындағы іс-әрекетті зерттеп, педагогикалық тәжірибені жетілдіріп, оқушының үлгерімін жақсарту.  

Шетел тілдері мен аударма ісі каферасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Самиғолла Нұржарқын Айболатқызы жоба барысында Орал қаласының 3 мектебі: Эстетикалық бағыттағы гимназия, №42 Ақниет гимназиясы, №28 мектеп-лицейі, Батыс Қазақстан облысының 2 мектебінде:  “Шаған ЖОББМ”, Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында Lesson Study сабақтарының өтуін бақылап, мұғалімдерге зерттеу бойынша кеңес беріп, ағылшын тілі сабақтарының тиімділігін арттыру жолдарын көрсетті. Жобаға университеттің “Шетел тілдері және аударма ісі” кафедрасының 7M01702-Шетел тілі: екі шетел тілі” БББ 2 курс магистранты Рахимжанова Мулдир Джанболатовна қатысты. Магистрант  8 ақпанда 2024 жылдың Теректі ауданы “Шаған ЖОББМ” КММ-де «Integration of subjects in teaching English» атты тақырыпта ашық сабақ өткізіп, STEAM технологиясын ағылшын тілін оқытуда ұтымда қолдана білді. Магистрант ашық сабағын  өзінің ғылыми-зерттеу жобасымен байланыстырып, оны практикалық жағынан дұрыс қолданысын көрсетті. Бұл жоба наурыздың 5-де қорытындылап, мамыр айында зерттеу қорытындысы халыкаралық ғылыми журналға шығару жоспарлануда.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz