2022 жылдың 21 қарашасында Батыс Қазақстан Инновациялық-Технологиялық Университетінің Тілдер және менеджмент факультетінде өткен «Сапа апталығы» аясында «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аманбаева Зауре Жиеналиевна Аударма ісі мамандығың 211 және 221 топтарында «Semiosiology(Types and sources of Homonyms, Synonyms and Antonyms) and Semantic classification of phraseological units» атты тақырыпта Оқытылатын шет тілінің теориясы пәнінен семинар өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты – Аударма ісі студенттеріне омонимдер, синонимдер және антонимдерді теориялық тұрғыдан түсіндіріп, практикада қолдануға үйрету және оларды әртүрлі тәсілдермен аудару жолдарын қарастыру.
Қауымд.проф. Аманбаева З.Ж. семинар барысында өзі оқыған Оксфорд университетінің тәжірибесімен бөлісіп, лингвистикалық теориясын студенттерге жаңаша бағытта түсіндіріп, олардың қызығушылығын арттыра түсті. Сабақ кезінде әр түрлі дидактикалық материалдарды қолдана отырып, Зауре Жиеналиевна Тіл теориясының негізін салған шет елдік ғалымдардың еңбектерін студенттерге практикалық жағынан түсіндірді. Семинар сабағы коммуникативтік әдіс-тәсілдермен, кері байланыс жасаумен, жұптық және топтық жұмыстар арқылы қызықты өтті. Осындай ғалымдардың білімдері Аударма ісі студенттерінің болашақ мамандығына зор үлесін қосатынына сенімдіміз.
