25 қазан – Республика күніне орай «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының студенттері қаламыздағы Өлкетану музейіне танымдық экскурсия жасады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұралармен таныстыру және жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Экскурсия барысында студенттер музей экспозицияларымен танысып, туған өлкеміздің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері және тарихи тұлғалары туралы танымдық мәліметтер алды. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи кезеңдері мен жетістіктері туралы білімдерін толықтырды.

Мұндай танымдық іс-шаралар студенттердің рухани дүниетанымын кеңейтіп, тарихи санасын қалыптастыруға және туған жерге деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Республика күніне арналған бұл экскурсия студенттер үшін тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz