2022 жылдың 3 қараша күні инженерлік-гуманитарлық факультетінің “Электротехника, автоматика және есептеу техникасы” кафедрасы Орал трансформатор зауытында 6В07102 – Электр энергетикасы БББ 2 курс білім алушыларына “Электр сызбалары мен сұлбалары” пәні бойынша практикалық сабақ ұйымдастырды. Зауыттың ТҚ инженері зауыттағы қауіпсіздік ережелермен таныстырды.

Қауымдастырылған профессор Л.А. Садықова және аға оқытушы Н.Г. Буранова практикада білім алушыларды жас жұмысшылар мен практиканттар жұмыс істейтін схемалардың типтері мен түрлерімен таныстырды. Білім алушылар трансформаторлар мен автотрансформаторлардың графикалық белгілері бойынша өз білімдерін растады. Сабақтар жемісті өтті, олар үшін теориялық білімдерін іс жүзінде растау өте маңызды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz