Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығына сәйкес жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл – саяси қуғын-сүргін кезінде қаза тапқан және жапа шеккен адамдарды еске алуға арналған аза тұту шаралары мен еске алу іс-шаралары өткізілетін еске алу күні. Еске алу датасы 20-ғасырдың тарихи жылнамасындағы ең қиын беттердің біріне – жаппай саяси қуғын-сүргін мен жан түршігерлік ашаршылыққа арналған. 2025 жылдың 29 мамырында Салалық технологиялар институтының Жалпы білім беру пәндер кафедрасының профессоры Нұрболат Меңдіғалиұлы Қадырғалиев Еске алу күніне арналған дәріс оқыды. Тарих тағылымы мен тарихи жадыға ерекше мән берілді. Дәріске Салалық технологиялар институтының 1 және 2 курс студенттері және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz