М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің арасындағы келісім шарттың негізінде 6В04202 – “Құқықтану” білім беру бағдарламасы бойынша 2024–2025 оқу жылының 2-семестрінде “Қаржы және салық құқығы” пәнінен Нұрланқызы Назира мен Турланова Сабина Құқық кафедрасынан академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтті. Бұл білім алушылар осы пәннен терең теориялық біліммен қатар өте көптеген практикалық машықтарды игерді. Нормативтік актілермен жұмыс жасауды үйренумен қатар ситуациялық жағдаяттарды шешуді үйренді. Азаматтардың басты міндеті болып табылатын салық төлеу мен декларациялардың барлық түрлерін толтыруды үйреніп кәсіби дағдыларды қалыптастырды. Білім алушылар тарапынан университет пен «Құқық» кафедрасына шексіз алғыстарын білдіре отырып алдағы уақыттарда академиялық ұтқырлық бағдарламасы жалғасын тапса екен деген тілектерін білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz