Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында 2022-2023 оқу жылында өткізілген республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсында сәулет және құрылыс кафедрасы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде “Құрылыс” БББ 3 курс студенті Ғинаят Нұралы; -ғылыми жетекшісі аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі Умерешова Саягүл Ғинаятқызы және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетінде “Жерге орналастыру және кадастр” БББ 4 курс студенті Касумова Мадина; -ғылыми жетекшісі аға оқытушы, жерге орналастыру ғылымдарының магистрі Ихсанова Сауле Айтжанқызы үздік ғылыми жұмыстар ретінде аталып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Студенттер мен ғылыми жетекшілерді ҚР ҒжЖБМ СҒЗЖ Республикалық байқауындағы табысты нәтижелерімен құттықтаймыз !!!

Шығармашылық табыстар мен жеңістерге қол жеткізуді тілейміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.