Облысымыздағы жас таланттарға қолдау көрсетіп, шығармашылығын дамыту, өнер жолында есімдер ашу мақсатында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың қазан айының 10 жұлдызында облыстық «Дала дарындары» жастар шығармашылығы фестивалі өткізілді.
Аталған шараға университетіміздің «Ару» би ансамблі қатысып «Хореография» аталымы бойынша ерекше би қойылымы мен таланты үшін Дипломмен марапатталды.
Халыққа ерекше көңіл-күй сыйлаған «Ару» би ансамблінің студенттері мен жетекшісі Н.Р.Нурпейсоваға университет әкімшілігі атынан алғыс білдіріп, алдағы уақытта өнер саласында сәттілік тіледі.
Тәрбие және ұйымдастыру бөлімі
