Академик Қ. Сәтбаевтың туған күніне және университеттің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған БҚИТУ ғылымының онкүндігі аясында 2025 жылдың 8 сәуірінде ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында «Ветеринариядағы сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері, стандарттау және тіршілік әрекеті» тақырыбында халықаралық қатысумен ғылыми студенттік конференция өтті.

Конференцияда ветеринариялық практикада сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ стандарттаудың, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды. Іс – шара барысында студенттер мен магистранттар жануарлар ауруларын диагностикалау мен емдеудегі жаңа технологиялардан бастап Агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарында қауіпсіздіктің заманауи стандарттарын енгізуге дейінгі тақырыптардың кең спектрін қамтитын өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Н.Э. Бауман атындағы Қазан мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясы студенттерінің баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, баяндамаларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа технологияларға, соның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу және баламалы материалдарды пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда ескерту жүйелері мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

Іс-шара халықаралық байланыстарды нығайтудағы және болашақ ғалымдар арасында тәжірибе алмасудағы маңызды қадам болды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz