2025 жылдың 15 қазанында БҚИТУ Салалық технологиялар институтының 6В11201 БББ білім алушылары үшін «Өрт қауіпсіздігі негіздері» пәнін оқу шеңберінде БҚО ТЖД ТЖБ Мамандандырылған жасағының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі А.И. Джумабаевтың басшылығымен БҚО ТЖД ТЖБ мамандандырылған жасағында тәжірибеге бағытталған сабақ өткізілді.
Тәжірибеге бағытталған өрт қауіпсіздігі сабағы – бұл теориялық білімді практикалық дағдылармен үйлестіретін жаттығу, мысалы, өрт сөндіргіштерді пайдалану, эвакуация маршруттары бойынша өту, сондай-ақ өрт жағдайларын модельдеу. Сабақ барысында БҚО ТЖД ТЖД бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Талап А. студенттерге ықтимал төтенше жағдайлармен күресу үшін өрт техникасы мен өртке қарсы құрылғыларды қолданудың негізгі тәсілдерін көрсетті, өрттен құтқару кезінде адамдарды эвакуациялау тәсілдерімен таныстырды. Мұндай сабақтар студенттердің практикалық тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби құзыреттіліктерін, дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Тәжірибеге бағытталған сабақ барысында болашақ мамандар өз сұрақтарын ашық қойып, өз мамандықтарына қызығушылық танытты.


