Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана (РЖООАЭК) – қазіргі заманғы ақпараттық білім беру ресурстарымен бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларын, профессор-оқытушылар құрамын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарының электрондық ресурстарын біріктіретін бірыңғай деректер базасы.
Электрондық кітапхананың мақсаты-профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың оқытудың интерактивті мультимедиялық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының электрондық білім беру ресурстарын бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіру.
РЖООАЭК материалдарына университет желісіне қосылған кез келген компьютерден , сондай-ақ БҚИТУ корпоративтік поштасы арқылы толық қол жеткізуге болады (кор мекенжайы БҚИТУ кітапханасында)
Республикалық Жоғары Оқу Орындары Аралық Электрондық Кітапханасының платформасында білім алу әркімге қолжетімді. Сайт rmebrk.kz