Өндірісті қолдау және тәжірибеге бағытталған оқытуды ұйымдастыру мақсатында 2023 жылғы 27 наурызда 6В06104-«Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін қонақ дәрісі ұйымдастырылды. Қонақ дәрісіне «Websoft Qazaqstan» ЖШС бас директоры М. М. Дудниченков шақырылды.

Ол бағдарламалық жасақтама, веб-сайттар, мобильді қосымшалар құру, кеңес беру, бұлтты шешімдер және тағы басқалар туралы айтып өтті.

Қонақ дәрісі білім алушылардың қызығушылығын тудырды және пайдалы диалог түрінде өтті. Кездесуде білім алушылар қажетті практикалық ақпарат алды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz