Осы жылдың 17-ші наурызында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бірлесіп Ақтөбе қаласында «Есет Көтібарұлы басшылық еткен ұлт-азаттық көтеріліс: алғы шарттары, нәтижесі, тағылымы» атты республикалық ғылыми теориялық конференциясын өткізді. Іс-шаралар аясында ХІХ ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі, даңқты батыр Есет Көтібарұлы ескерткіші ашылды.
Осыған байланысты Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Құрманалин Самат Бақытжанұлы арнайы шақыртумен конференция жұмысына қатысып, «Есет Көтібарұлы және империялық отарлауға қарсы қазақтар көтерілісі(1847-1858 жж.)» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция жұмысына Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мәселелерін зерттеуші ғалымдар қатынасты. Атап айтқанда т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтар (Атырау қаласы), т.ғ.к., профессор С. Өтенияз (Алматы қаласы), т.ғ.к., доцент Ж.О. Есеркепова (Алматы қаласы).
